Елімізде қанша адамның пәтер кезегінде тұрғаны айтылды

14 Сәуір 2021, 11:15
2194
Бөлісу:
Елімізде қанша адамның пәтер кезегінде тұрғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде қанша адам пәтер кезегінде тұрғанын айтты.

Оның сөзінше, биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша құрылыс саласының дамып келе жатқандығы байқалады. 

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі былтырмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Құрылыстың өсуі Маңғыстау облысын қоспағанда 16 өңірде байқалып отыр.

Осы жылдың бірінші тоқсанында 2,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары. 23 663 тұрғын жай пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысына инвестицияларды өткен жылмен салыстырғанда 33,8%-ға өсті. Тұрғын үй құрылысын ынталандыру және құнын арзандату мақсатында мемлекеттік тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды, оның ішінде азаматтарға жеке құрылыс салу үшін бөлінетін жер учаскелерін инженерлік желілермен жабдықтайды, - деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, Өскенбаев атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Отбасы банкі» негізінде толыққанды даму және қолдау институтын құрылды. 

Биылдан бастап «Отбасы банк» институт ретінде жұмыс істеуге дайын. Ол үшін қолданыстағы заңнамаларға тиісті өзгертулер енгізіліп жатыр.
Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға өсіп, бүгінгі күні 559 мың адамды құрайды. Отбасы мүшелеріне шаққанда бір ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен табысы бар кезекте тұрғандар тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, - дейді вице-министр брифингте.

Олардың қатары көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары жатады.

Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен жоғары кезекте тұрғандар жаңа тұрғын үйге жеңлдетілген несие алу арқылы тұрғын үй сатып алатын болады.

Өзгелердің жаңалығы