Елімізде қаржы пирамидаларын бақылайтын топ құрылды

22 Қаңтар 2021, 11:33
1219
Бөлісу:
Елімізде қаржы пирамидаларын бақылайтын топ құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік органдар қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрды, деп хабарладаы Қаржы нарығын реттеу агенттігінің баспасөз қызметі.

Оның құрамына бірнеше министрліктің, қаржы мониторингі комитетінің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері кірді.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, соңғы кезде күштік құрылымдар, экономикалық тергеу қызметтері тарапынан қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінің және өзге алаяқтық схемаларының алдын алу үшін барлық әрекет қолданылуда. Алайда азаматтарды жаңылысуға әкеп соғатын және қазақстандықтардың сенгіштігін пайдаланып пайда табу мақсатында инвестициялық қызмет деген желеумен жұмыс істейтін компаниялар әлі де бар.

Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің ақпарат бойынша, өткен жылы қаржы пирамидаларын ұйымдастыру бойынша 217 қылмыстық іс тергелді. Оның ішінде 116-сы сотқа жіберілді. Жауапкершілікке барлығы 79 күдікті тартылды. ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің ақпараты бойынша 2020 жылы елдің аумағында қаржы пирамидаларын құрудың 35 фактісі анықталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобы қаржы пирамидаларына, атап айтқанда, жалпы қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жасаудың әлемдік тәжірибесін және озық практикасын зерделейді. Зерделеу нәтижесі бойынша ағымдағы заңнамаға өзгерістер ұсынылады және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасаудың тиімді шаралары әзірленеді. Атап айтқанда қазіргі кезде қаржы пирамидаларын ұйымдастырғаны және заңсыз ұйымдардың қызметін жарнамалағаны үшін жазаны қатаңдату мәселесі қаралауда, - делінген хабарламада.

Агенттік жұмыс тобының қатысушысы ретінде жарнаманың және өзге де ақпарат көздерінің жүйелі мониторингін, сондай-ақ анықталған фактілерге жедел ден қою мақсатында барлық қатысушымен тұрақты ақпарат алмасуды жүргізіп отырады.

Мәселен 2020 жылғы қараша-желтоқсан айларында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты республикалық маңызы бар үш қалада және облыс орталықтарында 71 интернет-ресурсты, 20 телевизиялық арнаны, 20 радиостанцияны және 35 баспа басылымын қамтыған мониторинг жүргізілді. Заңға қайшы әрекеттер немесе қаржы пирамидаларының белгілері анықталған жағдайда, ақпарат дереу құқық қорғау органдарына жіберіледі.

Мониторинг аясында қызметі күдікті және қаржы пирамидаларының белгілері бар бірнеше ұйым анықталды. Олардың ішінде ең көп шу тудырған «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС, ол өз салымшыларына кепілді кіріс алу мақсатында Amazon алаңында саудаға инвестиция салуды ұсынған.

Мемлекеттік органдар тарапынан мониторингтеу ұйымдардың күдікті қызметінің белгілерін ерте кезеңінде анықтауға және қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Алайда бірінші кезекте қарсы іс-қимылды азаматтардың өздері бастауы тиіс. Егер қаржы пирамидаларына ешкім қаражат салмаса, онда оларды ұйымдастыру да тиімді емес болады да қалады, - делінген агенттік сайтында.

Өзгелердің жаңалығы