Бас жаңалықтар
Елімізде күніне екі әйел жатыр мойнының қатерлі ісігінен қайтыс болады – бас онколог
21 Қаңтар 2021, 18:28 154

Елімізде күніне екі әйел жатыр мойнының қатерлі ісігінен қайтыс болады – бас онколог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, ҚазОРҒЗИ басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова тікелей эфир барысында айтты.

Жатыр мойнының қатерлі ісігі бүгінгі таңда кез келген жаста қауіпті болып отыр. Көбіне аталмыш дерт 40-44 жас аралығындағы әйелдерде көптеп анықталады, десек те, 28 жастағы келіншектер арасында да жатыр мойны ісігі дертімен келіп жатқандар бар. 2020 жылы Қазақстан бойынша 1830 жатыр мойнының қатерлі ісігі дерті тіркелді. Бұл дегеніңіз, елімізде жыл сайын 660 әйел немесе күніне 2 әйел дәл осы дерттен көз жұмады деген сөз, - дейді ол.

Еске салайық, 23 қаңтар күні сағат 09:00-14:00 аралығында Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде және Алматы қаласындағы ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ-де жатыр мойнының қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша Ашық есіктер күні өтеді.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап, жатыр мойны қатерлі ісігінің ерте анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарламасы бар. Тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін скринингтен өтуге болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...