Елімізде нан өнімдері, жармалар және ет, май қымбаттаған

3 Желтоқсан 2020, 09:21
3026
Бөлісу:
Елімізде нан өнімдері, жармалар және ет, май қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азық-түлік тауарларына баға индексі 2020 жылғы қарашада 101,3% құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.

Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер арзандады.

2020 жылғы қарашада сүт өнімдері тобында мәйекті ірімшікке орташа баға килограмына 3060 теңгені (2019 жылғы қарашада – 2742 теңге), сүзбеге – 1671 теңгені (1592 теңге), қаймаққа – 1171 теңгені (1102 теңге), айранға – 312 теңгені (293 теңге), пастерленген сүтке 269 теңгені (250 теңге) құрады.

Сары майдың орташа бағасы 2020 жылғы қарашада килограмына 2673 теңгені (2019 жылғы қарашада 2345 теңгені), күнбағыс майы – 533 тенге (434 теңге), жұмыртқаға – 337 теңгені (288 теңге), құмшекер – 245 теңге (199 теңге) құрады.

2020 жылғы қарашада көкөніс өнімдері тобында сәбізге орташа бағасы килограмына 111 теңгені (2019 жылғы қарашада – 102 теңге), картопқа – 111 теңгені (97 теңге), басты пиязға – 83 теңгені (86 теңге), ақ қауданды қырыққабатқа 86 теңгені (105 теңге) құрады.

Қарашадағы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне орташа бағалар

келісі теңгемен

Елімізде нан өнімдері, жармалар және ет, май қымбаттаған

Өзгелердің жаңалығы