Бас жаңалықтар
Еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамға жетті
17 Сәуiр 2021, 10:11 1028

Еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 наурызға еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар –11 187,2 169,7 мың (59,1%), ауылдықтар –7 730,0 мың адам (40,9%). 2020 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Халықтың табиғи қозғалысы

2021 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда (42,0 мың адам) 0,2% өсіп, 42,1 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,71 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-ақпанда туылғандар саны 65,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға (64,7 мың адам) қарағанда 1,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,41 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 23,7 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпанға (22,7 мың адам) қарағанда 4,2% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,70 қайтыс болғандарды құрады.

2021 жылғы қаңтар-ақпанда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 517 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (583 шетінеген нәресте) 11,3% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,86 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-ақпанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 1 398 адамды, елімізден кеткендердің саны 3 422 адамды, көші-қонның айырымы -2 024 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,4% және 82,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 19,7%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (5 834 адам), Шымкент (4 842адам), Нұр-Сұлтан (4 516 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (216 адам).


Фото: дереккөз
Загрузка...