Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

23 Тамыз 2020, 09:00
1257
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  «Қазгидромет» 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. 

Тек оңтүстікте және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, дауыл күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман түседі, Қарағанды, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с. Қостанай облысының таңертең және күндіз найзағай, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. 

Манғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі, Қызылордар облысында шаңды дауыл күтіледі. 

Күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында найзағай күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстікте найзағай жарқылдайды. Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы