Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

9 Тамыз 2020, 09:11
1199
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, республиканың орталық бөлігінде дауылды жел күтіледі. Кей жерлерде жел күшейеді.

Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, жел екпіні 15-20 м/с ұлғаяды, Қарағанды ​​облысының кей жерлеріңде дауыл күтіледі, Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады деп болжануда. 

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Батыс Қазақстанда, күндіз Атырау облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының кей аумағында найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с ұлғаяды.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Өзгелердің жаңалығы