Еліміздің төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

5 Наурыз 2020, 08:58
1530
Бөлісу:
Еліміздің төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 5 наурыз күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, бейсенбі - 5 наурызда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

 ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы