Еліміздің 4 қаласында ауа ластанады

25 Қараша 2020, 08:17
1312
Бөлісу:
Еліміздің 4 қаласында ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 25 қараша күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Кәсіпорынның мәліметінше, сенбі күні еліміздің төрт қаласында - Балқаш, Теміртау, Нұр-Сұлтан және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы