Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

24 Қараша 2020, 23:28
1473
Бөлісу:
Еліміздің 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Маңғыстау облысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде көктайғақ болады.

Күндіз Атырау облысының кей жерінде қатты қар жауады, тұман, көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерде күші 15-20 м/с артады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы