Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 Қазан 2020, 02:13
1221
Бөлісу:
Еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 қазан күніне Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атырау облысында тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

25 қазан күні тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында тұман түседі, кей жерде көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, кей жерде көктайғақ болады. 

Қостанай облысында тұман күтіледі. көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Өзгелердің жаңалығы