Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды

2 Сәуір 2021, 15:45
3449
Бөлісу:
Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды
PHOTO

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. 2 сәуір - Қазақстан Республикасының әскери-теңіз күштерінің құрылған күні. Айтулы датаны ақтаулық әскери теңізшілер зор жетістіктермен қарсы алып отыр.

Тұңғыш Президент - Елбасы Жарлығымен 1993 жылы қарулы күштердің осы түрі өз алдына дербес қызметін бастаны мәлім. Тәуелсіздік жылдары еуропалық ескірген үлгідегі кораблдер мен әртүрлі мақсаттағы жауынгерлік су көліктері отандық зауытта құрастырылған кемелермен толық жаңарды. 

Өз кезегінде, бес мемлекетке ортақ Каспий теңізінің қазақстандық акваториясында сырттан су жолымен келер қатерге тойтарыс беретін қалқан құрылды. 

Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды

Заманауи талаптарға барлық жағынан сәйкес келетін әскери кемелерді кәсіби білікті теңізшілер тізгіндейді. Қазақстандық офицерлердің басым көпшілігі бауырлас Түркияда, Ресей Федерациясынан бөлек Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай секілді алпауыт елдердің жетекші жауынгерлік оқу орындарын бітірген түлектер саналады.
Өз жерімізде оқыту үшін соңғы жылдары әскери-теңіз күштерінде арнайы оқу-жаттығу орталығы құрылды. Соның негізінде Ақтау және Орал мемлекеттік университеттерінде әскери кафедралар жұмыс істеп келеді. Бұл орындарда келісімшарт бойынша әскери теңізшілер дайындалады. 

Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Сәкен Бекжановтың мәлімдеуінше, әскери теңізшілер жылына 240 күннен астам уақытқа ашық теңізге шығады. Осы уақытта 3600 рет кеме жаттығуы, әртүрлі мақсаттағы сабақтар мен жаттығулар өткізіп келеді. 

Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды

Еліміз егемендік алған тұстан бері әскери-теңіз күштері өзіне жүктелген ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті, жауынгерлік әлеуеті зор әскер түріне айналды. Қазақстанның әскери теңіз флотының құрамында ірі кораблдерден бөлек мина-тартқыш, зымыран-артиллериялық су көліктері бар. Сондай-ақ қосалқы кемелер мен жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелеріне қарасты су көліктерінің саны жыл санап артып келеді. Біздің теңізшілеріміз тікелей тапсырмаларды орындаубан басқа мемлекеттік органдарға табиғатты қорғауда көмек көрсетеді. Экологиялық апаттардың салдарын жоюға тағы басқа да іс-шараларға белсенді қатысады, - деді контр-адмирал Сәкен Бекжанов. 

Еліміздің әскери-теңіз күштерінің құрылғанына 28 жыл толды

Теңізшілер тікұшақтар және қайықтардан десант ретінде суға шұғыл түсіп, қарсыластың көзін жоюға машықтанғанын айта кету керек. Олар суасты миналарын тексеріп, залалсыздандыруға қажетті құралдармен толық жарақтанған.
Қазақстандық әскери кемелердің экипаждары «Армия халықаралық ойындарының» «Теңіз кубогы» атты сайысына ұдайы қатысып, шеберлігін арттырып келеді. Даярлық аясында курстық міндеттер мен теңіз биатлоны элементтерін пысықтаудан бөлек бәсекеде жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр.

Өзгелердің жаңалығы