Бас жаңалықтар
Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
01 Желтоқсан 2020, 04:45 116

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 1 желтоқсан күні Қарағанды облысының кей жерінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында күндіз шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан желдің күші кей жерде 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Тараз қаласында 1-2 желтоқсан күндері тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 1-2 желтоқсанда тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерде тұман, жаяу бұрқасын соғады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...