Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

12 Мамыр 2021, 06:27
918
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 12 мамырда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерде 15-20 м/с. 

Орал қаласында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Атырау облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с. 

Атырау қаласында кей уақытта найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

12 мамырда Ақмола облысында кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерде 2 градус үсік күтіледі.

Павлодар облысында кей жерде 1 градус үсік күтіледі, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай күтіледі. 

Жамбыл облысында кей жерде найзағай, бұршақ күтіледі. 11-13 мамырда кей жерде тұман күтіледі. 11-13 мамырда кей жерде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, 12-13 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы