Бас жаңалықтар
Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады
VIDEO
06 Наурыз 2021, 16:16 364

Елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге еріктілер 600 гүл таратады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "30 игі іс" ұранымен басталған "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының еріктілері елорда базарларында жұмыс істейтін әйелдерге гүл шоқтарын сыйлайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық әйелдер күніне орай "Анаға тағзым" акциясын "Астана жастары" орталығы демеушілердің қолдауымен үшінші рет өткізіп отыр.

"SOS" балалар ауылының тәрбиеленушілері еріктілермен бірге 600 гүл сыйлайды.

Іс-шараның мақсаты - балаларды әлеуметтендіру, қарым-қатынас дағдыларын үйрету және эмоционалды зияткерлікті дамыту, балаларды бала күніне сыйлық беруге үйрету.



Фото: дереккөз
Загрузка...