Бас жаңалықтар
Елорда дәрігерлері баламен аулада серуендеп жүрген ата-аналарды сынға алды
03 Сәуiр 2020, 14:44 332

Елорда дәрігерлері баламен аулада серуендеп жүрген ата-аналарды сынға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Карантин режимінде үйден шығуға тыйым салынады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне, дәріханаға, медициналық қызмет алу үшін және жұмысқа бару үшін үйден шығуға рұқсат. Шектеу шаралары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирус инфекциясының таралуын азайту үшін қабылданды.
Біз инфекцияны жұқтырғандармен жұмыс істейміз және оларға көмек көрсетеміз. Сауығып шыққан әрбір науқас үшін қуанамыз. Наразылығымызды тудыратыны, үйден шығуға тыйым салынғанына қарамастан аулада балаларымен серуендеп жүретін ата - аналар. Сіз не ойлайсыз? Егер сіз өз денсаулығыңыз туралы уайымдамасаңыз, неге балаларыңыздың денсаулығын ойламайсыз? Кішкентай балалардың иммунитеті әлсіз. Ауруханаға түсу қаупі әбден бар, - деп атап өтті дәрігерлер.
2 сәуір күні карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 60-тан астам адам тартылды: 15 адамға айыппұл салынды, сотқа 26 іс жіберілді. ТЖ және карантин режимі кезінде барлығы 560 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 100-ден астамы-қаланың блокпосттары арқылы кіру, шығу тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері бақылауды күшейтті. Олар тәулік бойы қалада кезекшілік жұмыстарын атқарылып жатыр. Мобильді топтар, жаяу нарядтар жұмылдырылды. Өткізу-бақылау бекеттеріндегі жағдайды дрон арқылы қадағалап жатыр. Елорда аумағы көше шекаралары бойынша шаршыға бөлінген. Әрбір шаршы алаңында тәртіп сақшылары жағдайды қадағалап жатыр.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...