Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

27 Сәуір 2021, 14:47
1708
Бөлісу:
Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін екі елордалық мектепте бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды, ол бірден температураны өлшеп, масканың болуын тексереді.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Бұдан басқа, қазақстандық әзірлеме деректер базасында тіркелмеген адамдардың мектепке кіруін шектейді және оқушылардың, оқытушылардың және барлық қызметкердің келіп-кету уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Бұл - бірқатар себепке байланысты барынша қауіпсіз жүйе. Біріншіден, көптеген мектепте кіру үшін пластикалық карталар қолданылады. Ол картаны балалар қолына алады, сосын барлығы бір турникетке басып өтеді. Яғни барлығының карталары мен қолдары бір жерге тиеді, ал пандемия жағдайында бұл вирус жұқтыру қаупін арттырады. Екіншіден, көптеген ғимаратта кіреберісте температураны бір адам аппаратпен тексереді. Оқушылар көп болғандықтан дене температурасын дұрыс өлшеуге уақыт бола бермейді. Үшіншіден, оқушылар әрдайым қашықтықты сақтамайды. Clockster жүйесі осы жағдайларды шеше алады, - дейді Clockster өкілі Арман Ерназаров.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Қазақстандық Clockster әзірлемесі - жұмыс уақытын есепке алуға арналған HR-жүйе. Бұл ыңғайлы, өйткені ол әр түрлі биометриялық құрылғылармен біріктірілуі мүмкін.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Әзірлеушілердің айтуынша, Clockster жүйесі ерекше, өйткені компания базасында мәліметтер болмаған кезде жүйе адамның бет биометриясын танымайды және оны ғимаратқа кіргізбейді. Әзірлеме пилоттық жоба аясында елорданың №22 және №59 мектептерінде іске қосылды.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

«Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Әділет Нұрғожиннің айтуынша, басты міндет – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл бірінші кезектегі міндет. Мектепке кіргізетін карталар үнемі жоғалады немесе бөтен адамның қолына түсіп қалуы мүмкін. Ал Clockster жүйесі ешқандай картаны керек етпейді, тек базада сіз туралы ақпарат болуы қажет. Жүйенің тағы бір ерекшелігі - баланың сабаққа қатысуы туралы хабарлама мектеп басшылығы мен ата-аналарына бірден келеді. Деректердің сақталуына Clockster және деректердің иелері болып табылатын пайдаланушылардың өздері жауапты болады, - деді ол.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Қазіргі уақытта отандық әзірлеушілердің 200-ден астам клиенті бар, олардың 80%-ы Қазақстан аумағында, қалғандары - Ресей, Украина, Өзбекстан, Филиппин, Сингапур, Индонезия және Үндістаннан.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Біздің жоба 2020 жылы «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығында» осалдықтарды табуға тестілеуден өтті, олардың ұсыныстары бойынша барлық ықтимал осалдықтар жойылды, - дейді Арман Ерназаров.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Айта кетейік, Astana Innovations Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп, елорда тұрғындары мен қонақтарының тұруы үшін қолайлы және жайлы жағдай жасайды.

Елорда мектептерінде коронавирустан сақтануға көмектесетін IT әзірлеме енгізілді

Осылайша, «Ақылды аудан» жобасы аясында Astana Innovations енгізуге дайын шешімдері бар компанияларды табады. Нәтижелер сәтті болған жағдайда, жүйені елорданың басқа мектептерінде де орнату ұсынылады.


Өзгелердің жаңалығы