Елорда құтқарушылары судағы қауіпсіздікті түсіндірді

1 Маусым 2020, 16:38
1345
Бөлісу:
Елорда құтқарушылары судағы қауіпсіздікті түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық құтқарушылар көпшілікке шомылу кезінде әр адам ескеруі тиіс қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, деп жазды Хабар24.

Құтқарушылар суға батып бара жатқан адамға алғашқы жәрдем беру жолдарын көрсетті. Бұған дейін қала аумағында жүргізілген тексеру кезінде суға түсуге арналған 23 орын анықталды. Оның тек үшеуінде ғана шомылуға рұқсат етілген. Қазір елордаға қарасты төрт ауданда тегін коммуналдық жағажайлар ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал тыйым салынған орындарға ескерту белгілері қойылды. 
Ауа райының өзгеруіне байланысты 25 мамырдан бастап, бізде 80 адам сол 23 аймақта рейд жұмыстарын жасайды. Ол рейдте біздің ТЖД қызметкерлері, құтқарушылар полиция департаменті әкімшіліктен жастар алаңы және Қызыл крест адамдары жұмыс істейді. Олар қазір ескеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күннің жылынуына байланысты қайғылы оқиғалар бар. Қала бойынша 3 адам қайтыс болды. 2 адам құтқарылды, - деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы  Есен Байыров.

Өзгелердің жаңалығы