Елорда волонтерлері 4 мың отбасыға көмек көрсетті

5 Сәуір 2020, 14:29
1435
Бөлісу:
Елорда волонтерлері 4 мың отбасыға көмек көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық еріктілер ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы, "Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, "Birgemiz" акциясы аясында 4 мыңнан астам отбасыға атаулы көмек көрсетті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көмек алғандар қатарында жалғыз басты зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар, халықтың әлеуметтік осал тобына жататын жандар бар.
Оларға бірінші кезекте қажетті өнімдер, гигиеналық құралдар жеткізілді. Қаланың алыс аудандарындағы әлеуметтік осал топтағы отбасыларға ерекше назар аударылды. Медициналық қорғаныс құралдарымен қамтылған, арнайы оқытылған еріктілер бүгін 180 азық-түлік себетін таратты. Олардың 30-ына "Air Astana" демеушілік еткен, - делінген ақпаратта.

"Анвар" супермаркетінен дайындалған ондаған азық-түлік себеті халықтың әлеуметтік осал топтарының мекен-жайына жіберілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Джентльмендер клубы #BizBirgemiz акциясы аясында еріктілердің қалалық штабы қатарына қосылды. Клуб бастамасымен "Лесная поляна" ауданында, Интернациональный, Ильинка кенттерінде, Лесозавод және Көктал аудандарында қарттар мен мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге қаражат жиналған. Қала еріктілерімен бірге 150 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. 




Өзгелердің жаңалығы