Елордада алғаш рет көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан жарыс өтті

29 Ақпан 2020, 10:08
1435
Бөлісу:
Елордада алғаш рет көру қабілеті төмен спортшылар арасында  голболдан жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27-28 ақпанда елордада алғаш рет көру қабілеті төмен спортшылар арасында голболдан Қазақстан Республикасының Кубогі өтті.

Оған 5 өңірден 30-дан аса голболшы қатысады. Іс-шараның мақсаты – голбол спорт түрін көпшілікке таныту. Жарыс командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстанда голболдан 2017 жылдан бері 3 Чемпионат өтті.

Кубок РК по голболу (1).JPG

Голболдан ҚР Кубогының нәтижелері:

1 орын – "Abay" командасы (Алматы қаласы)
2 орын – Алматы облысының командасы
3 орын – Жамбыл облысының командасы

Жастар арасындағы кубогты Тұркістан облысының "Үміт" командасы жеңіп алды. "Жеңіске деген жігері үшін" Атырау облысының командасы марапатталды.

Кубок РК по голболу (3).JPG

Голбол үшін бұл үлкен қадам. Егер біз Чемпионаттар мен Кубоктар сияқты көптеген жарыстарды көп өткізсек, онда әрине, ойын деңгейі көтеріледі. Сонымен қатар, осылайша голболға жаңа адамдарды тартамыз. Қазір голболды еліміздің 9 өңірінде ойнайды. Бұл
Кубокта біз мықты жігіттерді байқадық, енді оларды оқу-жаттығу жиындарына шақырамыз, - деді Голбол Федерациясының Президенті Мусрят Елибакиев.
Ұлттық паралимпиадалық құраманың оқу-жаттығу жиындары Нұр-Сұлтан қаласында наурыздың соңында өтеді.

Голбол – көз мүшесі зақымдалған адамдарға арналған ойын. Бұл спорт түрі Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген. Оны Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін көзі көрмейтін мүгедектерді оңалту үшін ойлап табылған. Ойын алғаш рет әлемге 1976 жылы Торонтодағы Паралимпиада ойындарында таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы