Елордада "Ғаламның рақым нұры" атты мәуліт кеші өтеді

20 Қараша 2019, 12:19
3507
Бөлісу:
Елордада "Ғаламның рақым нұры" атты мәуліт кеші өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамзаттың абзалы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз туған Мәуліт айының құрметіне орай 24 қараша күні сағат 11.00-де "Астана" концерт залында "Ғаламның рақым нұры" атты рухани кеш өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Мәуліт мерекесінде Хақ Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауаттар жолданып, екі дүние сардарының сүннеті мен өсиеті жаңғыра түсетін болмақ. Өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін берекелі кеш барысында тағылымды әндер мен терме тыңдап, арнайы қойылым тамашалауға болады.


Өзгелердің жаңалығы