Елордада аула хоккей лигасының V маусымы жабылды

1 Наурыз 2021, 21:10
1859
Бөлісу:
Елордада аула хоккей лигасының V маусымы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада аула хоккей лигасының V маусымының финалдық ойыны өтті.

Нұр-Сұлтандағы №32 мектеп-гимназиясының хоккей кортында «Замандас 21» ҚҚ аула клубтарының тәрбиеленушілері – 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында аула хоккей лигасының V маусымының финалдық ойыны өтті.

Шешуші ойында үш команда кездесті. Олар Қошқарбаев көшесіндегі клубтың филиалынан «Альтаир», Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі филиалдың «Бүркіт», сондай-ақ Абай көшесіндегі клубқа баратын «Тайфун».

Бірінші орынды «Тайфун» командасы иеленді. 

Командалар кубокпен және медальдармен марапатталды. «Тайфун» командасының қатысушылары барлық жаттықтырушыға шыдамдылықтары үшін, жаңадан келген хоккейшіден бастап аула хоккей лигасының жеңімпазына дейін жетулерінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты. 

Сондай-ақ ҚР-дағы АҚШ елшілігінің өкілі әрбір қатысушыға сыйлықтар табыс етті.

Елордада аула хоккей лигасының V маусымы жабылды

Аула хоккей лигасы 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жас спортшылар үшін беделді жарыстардың бірі болды. 

Шараның мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй алаптарында, сондай-ақ мектептің спорт алаңдарында орналасқан спорт корттары базасында балалар мен жасөспірімдер арасында аула хоккейін жаңғырту және дамыту.

«Замандас» отбасылық аула клубының тәрбиеленушілері арасында аула хоккей лигасының хоккей командаларының турнирлері 5 жыл бойы өткізіліп келеді.

Іс-шаралар бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қазақстан хоккей федерациясының, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ пен Канада елшіліктерінің қолдауымен өтеді.

Хоккей лигасын өткізген алғашқы жылы «Замандас» отбасылық аула клубының балалары мен жасөспірімдері мен Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары арасында жоғары қызығушылыққа ие болды. Қоғамдағы резонанс бұл жобаны дамыту қажет екенін көрсетеді. Сондықтан біз клубтардағы хоккей секцияларын қолдаймыз, онда балалар осы қызықты және күрделі ойынның негіздерін тегін үйренуде, ол төзімділік пен темір тәртіпті талап етеді, - дейді «Замандас 21» ҚҚ директоры Ләззат Алшынова.

Бүгінгі таңда клубта 5 команда бар, олардың құрамында 15-20 бала ойнайды. Олар «Замандас» отбасылық аула клубының төрт филиалында жаттығады. Ең белсенді балалар аула клубтары жанындағы хоккей секцияларындағы сабақтардан кейін елорданың кәсіби клубтарына өтуге мүмкіндік ала алады.

Елордада аула хоккей лигасының V маусымы жабылды

Еске сала кетейік, бұқаралық спортты дамыту Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында спорт саласының алдына қойылған басым міндеттердің бірі.

«Замандас 21» ҚҚ «Замандас» отбасылық аула клубтарын 2014 жылы «Балалардың мүддесі үшін қозғалыс» жобасы аясында құрған болатын.

Бүгінде бұл Нұр-Сұлтанның әртүрлі нүктелерінде орналасқан 5 клуб, оларға халықтың әлеуметтік осал топтарынан 2 300-ден астам бала барады. Олар қосымша білім алады, тілдерді үйренеді, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.

Клубтарда 20-дан астам секция мен үйірме бар, соның ішінде футбол, хоккей, арт-терапия, вокал, актерлік шеберлік және басқалар.

Өзгелердің жаңалығы