Елордада көлік қозғалысының азаюы 70 пайыздан асты

1 Сәуір 2020, 10:49
1161
Бөлісу:
Елордада көлік қозғалысының азаюы 70 пайыздан асты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 4,25 деңгейіне жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді.

"Сергек" трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71% - ға азайғанын көрсетеді. Салыстыру үшін "Сергек" жүйесінің карантинге дейінгі және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды – делінген хабарламада.

Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш - 0,5 баллға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезінде - 4.6 баллға жететін.

Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және т.б. қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал "4,5"- ға теңесуі мүмкін. Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілуде! Осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болайық! – дейді әкімнің орынбасары.
Өзгелердің жаңалығы