Елордада бірқатар көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

6 Мамыр 2021, 19:47
1228
Бөлісу:
Елордада бірқатар көше жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елорданың ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Сығанақ көшесі Қабанбай батыр даңғылы қиылысынан бастап Сығанақ және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы жол айрығына дейінгі учаскеде, сондай-ақ Қорғалжын көшесі бойымен Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты биыл 6-16 мамыр аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз,, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы