Елордада бірнеше рет ұрлық жасаған адам ұсталды

24 Қараша 2020, 19:51
1285
Бөлісу:
Елордада бірнеше рет ұрлық жасаған адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын сотты болған 24-жастағы азамат пәтер тонаудан бастап, тұрғындардың ұялы телефондарын ұрлаумен айналысқан. Қазіргі күні ұрлықтың сегіз фактісі анықталды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер азамат ұрлайтын зат талғамаған сияқты. Мысалы бір рет экспедитордың азық-түлік дүкеніне тауар түсіріп жатқанын пайдаланып, көліктегі 80 мың теңгенің 16 қаптама темекісін ұрлаған. Сондай-ақ ол пәтерден ноутбук, офистен 500 мың теңге алып шыққан. Тергеу барысында оның автокөлік ұрағаны да мәлім болды, - делінген хабарламада.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы