Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

2 Желтоқсан 2020, 18:05
2086
Бөлісу:
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы БҰҰ ұйымдастырумен «Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» фотокөрмесі ашылды. 

Көрмеге COVID-19 дағдарысының бел ортасында жүріп, әр түрлі салада қызмет еткен әйелдердің әсерлі 15 оқиғасы ұсынылды. Кейіпкерлер өздерінің батылдық пен төзімділік ұштасқан әңгімелерімен бөліседі. Олардың арасында дәрігерлер, еріктілер, белсенділер, журналистер, инфлюенсерлер және басқа да салада қызметін жалғастырып жүрген әйелдер бар.

Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Көрменің мақсаты – адамзаттың санасына әсер етіп, тарихта қалар COVID-19 індеті тудырған дағдарыс кезіндегі әйелдердің қосқан үлесі мен күшін таныту.

COVID-19 пандемиясы жасы, жынысы, орналасқан жері, әлеуметтік мәртебесіне қарамай барлық адамның жоспарын өзгертті. Дегенмен бұдан басқа да ерекшелігі бар. Пандемия әйелдер мен ерлерге, ұл балалар мен қыздарға әртүрлі әсер етуде. Статистика бойынша індет кезінде әйелдерге қатысты гендерлік теңсіздік және тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары күшейген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы қызметкерлердің 70%-ы әйелдер және олар індет кезінде алдыңғы қатарда жүр, - деді Қазақстандағы БҰҰ баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова.
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Оның айтуынша, арнайы топ Қазақстанның қарапайым да көрнекті әйелдерінің індетке қосқан үлесі жөнінде осынау арнайы жобаны жасады.

Барлығыңызды «Әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» фотокөрмесін тамашалауға шақырамын. Бүгінгі күні біз нағыз батырлар мен өжет жандарды ұлықтап отырмыз. Көрмеде көріп отырған әйелдер түрлі саланың мамандары. Олар медицина қызметкерлері, волонтерлер, журналистер, заңгерлер мен белсенділер. Олардың бәрі COVID-19-ға қарсы күрестің батырлары. Біздің қоғамды вирустың қатаң карантин ережелерімен қорғай отырып, біз сонымен бірге әйелдерді олардың денсаулығы мен әл-ауқатына ең үлкен қауіптердің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар етеміз. Бұл «гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» науқанын бұрынғыдан да маңызды етеді, - деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори.
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Жобаны ұйымдастыруға елеулі үлес қосқан Қазақстандағы БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қорының өкілі Джулия Валезе өз пікірімен бөлісті.

1000 сөзге қарағанда суреттер тарихты, оқиғаны жақсы жеткізе алады. «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқаны шеңберінде Сіздерді COVID-19 дағдарысына қарсы әрекет етудің алдыңғы шебінде болған және әлі де жүрген Қазақстанның 15 көрнекті әйелінің өмірі туралы виртуалды және оффлайн фотокөрмеге қатысуға шақырамыз. Тұрақтылық, батылдық және қажырлы еңбек туралы өз тарихымызбен бөлісе отырып, біз әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңдік қоғамның әл-ауқаты үшін неге маңызды екендігі туралы жағымды хабарламалармен бөліскіміз келеді, - дейді ол.
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы жаһандық жұмыс күшінің 70% құрағандықтан, әйелдер қауымы өздерінің және жақын адамдарының өмірін қатерге тігіп, індеттің алдыңғы шебінде күресуде. Сонымен қатар әйелдер коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы қатарында болып, індет туындаған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосуда.

«Сіз маған көмектесе аласыз ба?»

Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Көрмеге қатысып жатқан Жедел медициналық көмек ауруханасының дәрігері

Тамара Әбдірованың оқиғасымен бөлісуді жөн көрдік. 

Өкпесінің 100 пайызы вируспен зақымданған 85 жастағы науқасты зұлым дерттен аман алып қалған оқиғаны жиі әрі үлкен қуанышпен еске аламын. Науқастың хәлі артериялық гипертензиямен, жүрек ишемиясымен және қант диабетімен одан әрмен қиындай түсті. Сондықтан оның сауығып, қайта қалпына келуі нағыз бақыт емес пе?! Ол күндері қалада COVID-19 індеті қайнап тұрған кез, жеңісті тойлауға уақыт болмады. Дегенмен болашақта бұл оқиғаның медициналық әдебиеттерде ерекше хикая ретінде жазылатынына сенімдімін, - дейді ол.
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Тамара Әбдірова алдыңғы шепте, яғни «қызыл аймақта» болған. Алдымен олардың көпсалалы клиникасы карантиндік мекеме мәртебесіне ауыстырылды, содан кейін олар уақытша орталыққа және бірінші санатты жұқпалы аурулар ауруханасына айналды. Бұл жұмыстан бас тартуға болатын еді, бірақ дәрігер Әбдірова ондай қадамға бармады. Өйткені ол әрбір жаңа пациенттің көзінен өлімге әкелетін дерттен қорқыныш көргендей, «Сіз маған көмектесе аласыз ба?» деген сауал естігендей болды.

Алда біз індеттің екінші толқыны қандай болатынын, инфекцияның қандай нысанда жүретінін және оның қалай асқынатынын білмейміз. Бірақ қажет болса, мен тағы да алдыңғы шепте болуға дайынмын. Өйткені менің көмегім адамдарға ауадай керек! - дейді Тамара Әбдірова.
Елордада COVID-19-бен күрескен әйелдер туралы фотокөрме ашылды

Айта кетейік, көрмені 2-15 желтоқсан аралығында Mega Silkway сауда ойын-сауық орталығынан және 16-31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы халықаралық әуежайынан тамашалауға болады. Сонымен қатар фотокөрме онлайн нұсқада (www.womenincovid19.com) мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы