Елордада екі науқастың жағдайы ауыр

29 Наурыз 2020, 13:52
1591
Бөлісу:
Елордада екі науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада коронавирус пандемиясына шалдыққан екі адамның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Қаланың стационарларында коронавирус инфекциясымен жатқан науқастардың ішінде 2 адамның жағдайы тұрақты ауыр. Денсаулығының нашарлауы байқала қойған жоқ. Өкпелеріне жасанды дем беріліп жатыр.Емдеу клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізіледі.Қалған науқастар клиникалық қаулы бойынша диагностикамен ем алып жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, - дейді Сәуле Қисықова.

29 наурызда елордада 16 науқастың коронавирус жұқтырғаны анықталған болатын. Оның айтуынша, қазіргі кезде ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. 
Коронавирустық пандемияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол адамдарды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды, - дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.
Өзгелердің жаңалығы