Бас жаңалықтар
Елордада медициналық қызмет жеке клиникада да қолжетімді болды – МӘМС
26 Ақпан 2021, 14:40 364

Елордада медициналық қызмет жеке клиникада да қолжетімді болды – МӘМС

Нұн-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда бойынша 2021 жылы медициналық қызмет көрсету үшін Медициналық сақтандыру қорымен 107 қызмет жеткізуші медициналық ұйым келісімшарт жасады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында жүктілік кезеңі мен баламның аман-есен дүниеге келуі менің отбасыма бақыт пен қуаныш сыйлады. МӘМС туралы клиникада кезекте тұрған кезімде естіп қалдым. МӘМС бойынша жеке клиникада да ақысыз медициналық қызмет алуға болатынын білмеппін, тіпті ойыма да келмеген. Жүктілік кезеңінде түсік тастау қаупі болды, бірақ клиника қызметкерлерінің мұқият қадағалауының және ақысыз бастан-аяқ тексеру жүргізуі нәтижесінде аман-есен босандым, - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы жеке клиника пациенті Айман Сәлімова.  
МӘМС жүйесі бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын, яғни емхананы еркін таңдауға мүмкіндік береді, бұл ереже жеке клиникаларға да қолданылады. Тек бір ғана шарт – клиника қормен келісімшартқа отырған қызмет жеткізуші болуы және МӘМС бойынша қызметтер көрсетуі шарт.

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері сұранысқа ие КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық қызметтер, т.б. (пациенттің ақысыз тексерілуі, емделуі, дәрігер мен бейінді маманның кеңесі, консультациялық-диагностикалық қызметтер, оқалту қызметтер, т.б.) медициналық қызмет түрлерін барлық азаматтардың алу мүмкіндігі артты.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылы медициналық қызмет көрсету үшін Медициналық сақтандыру қорымен 107 қызмет жеткізуші медициналық ұйым келісімшарт жасады, олардың  32-і – мемлекеттік, 67-сі – жекеменшік, 8-і республикалық медицина ұйымдары.  ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін қызмет жеткізушілердің тізімін қордың ресми сайтынан табуға болады, -  дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

МӘМС бойынша мемлекеттік медицина ұйымдарында да, жекеменшік медицина орталықтарында да қызмет көрсетіледі.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...