Елордада «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концерт өтті

1 Наурыз 2021, 20:37
1593
Бөлісу:
Елордада «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концерт өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 1 наурыз - «Алғыс айту күніне» орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы тыңдармандарына «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концертін ұсынды.

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы және береке бірліктің нышаны. Мерекелік концертте Күнсұлу Тұрлыбекова, Нұрай Танабаев, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тақзия, Жандос Иманбай, Өзгеріс Шерікбай, «Сарыарқа» фальклорлық ансамблі мен  «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті. 

Елордада «Мың алғыс» атты онлайн мерекелік концерт өтті

Алғыс айту қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. 

Тәуелсіз елімізде тұрып жатқан көп ұлттың татулығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін бұл мерекеде бір-біріне алғыс айту арқылы егемендіктің туын жоғары ұстап тұрамыз. Филормония ұжымының мерекелік концерті сол тұрақтылықтың берік үлгісі екені сөзсіз.

Өзгелердің жаңалығы