Елордада "Отандастар" оқу залы ашылды

28 Ақпан 2020, 20:35
2075
Бөлісу:
Елордада "Отандастар" оқу залы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Отандастар" оқу залы ашылды. 

Жаңа залдың ашылуы "Отандастар қоры" мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен жүзеге асты.

отандастар.jpg

Бұл біз көптен бері аңсап, армандап жүрген жобаның бірі еді. Осы уақытқа дейін "Отандастар қоры" ауыз толтырып айтар ауқымды істер атқарып, ұстаған бағыт-бағдарына сай тың жобаларды іске асырып келеді. Бүгінгі іс-шара аясында "Қазақ әлемі" - "Мир казахов" кітабының электрондық нұсқасының тұсаукесері де өтті. Ұлттық академиялық кітапхана аясында "Отандастар цифрлы кітапханасы құрылды. Онда оқырманға қазақ диаспорасы туралы шетел әдебиеті мен отандастарымыздың шығармалары ұсынылған. Қазіргі таңда кітапхана қоры 2000 кітаптан асты. Одан бөлек 2500 кітап шетелдегі қазақ мәдени орталықтарына таратылатын болады, - деді "Отандастар қорының" вице-министр Мағауия Сарбасов.

отандастар 1.jpg

Оның сөзінше, жаңа ашылған залдағы барлық әдебиет "Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасының" техникалық платформасында цифрланды. Бұл қандастарымызға әлемнің кез келген жеріннен қалаған кітабын оқуға мүмкіндік береді.

отандастар 2.jpg

Бұл жұмыс ары қарай жалғасу керек. Мен өз басым "Отандастар" кітапханасына 100-ден аса кітап бердім. Енді өз еңбектерім бар, басқа да шығармалар бар тағы кітап беремін. Ең бастысы – кітап халыққа жетуі керек, әсіресе, шетелде жүрген қазақтарға, - деді айтулы түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы.

Өзгелердің жаңалығы