Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды

25 Қаңтар 2021, 17:42
1390
Бөлісу:
Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізіледі. Коммуналдық қызметтер әсіресе кешкі және түнгі уақытта қарқынды жұмыс істейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

24 қаңтардан 25-іне қараған түні 7000 текше метрге жуық қар шығарылды. Бүгін, яғни 25 қаңтарда қала бойынша қар жинау жұмыстарына 860-қа жуық арнайы техника мен 2000 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар қардан тазартылады.

Елордада өткен түні 7 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың әр ауданында орналасқан 11 полигонға шығарылады. Қалада қар жинау 24/7 режимінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.

 


Өзгелердің жаңалығы