Елордада ПТР тест тапсыратындар азайды

27 Шілде 2020, 12:35
1015
Бөлісу:
Елордада ПТР тест тапсыратындар азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Шілде айында өткен аймен салыстырғанда ПТР тест тапсыратындар 30 пайызға азайған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты.

Биылғы жылдың 27 шілдесіндегі мәлімет бойынша қалада 10070 адам індет жұқтырған. Оның 6766 адам жазылып шықты (67%). Қазіргі кезде 966 адам қаланың жұқпалы аурулар стационарларында жатыр. Күшейтілген карантин басталған 5 шілдеден бастап, инфекциялық және провизорлық стационарларда емделіп жатқан пациенттердің саны 48% - ға (3357-ден 1758 адамға дейін) азайды. Соның арқасында бос төсек-орын саны 369-дан 2000 төсек-орынға дейін артты.Пневмониямен стационарлық емделуде жүрген пациенттердің саны 44% - ға (1333-тен 746-ға дейін) азайды, - дейді Әлия Рүстемова.

Оның айтуынша, жедел медициналық жәрдем станциясына жүгіну саны 53% - ға (тәулігіне 3410-нан 1608-ге дейін), шақырулар 56% - ға (тәулігіне 2368-ден 1039-ға дейін), КВИ бойынша шақырулар саны бес есе тәулігіне 350-ден 73-ке дейін азайған.

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияны анықтау үшін ПТР-тестілеуді 9 зертхана жүргізеді. Оның ішінде 7 мемлекеттік, 2 жеке зертхана бар. Пандемия кезінде 284 мың ПТР тест жүргізілді. Соңғы үш апта ішінде зертханаларда тәулігіне орташа 2500 тест өткізілді. Бұл маусым айына қарағанда 30%-ға төмен (саны 3500). ҚР бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысына сәйкес ПТР әдісімен COVID-19 тестілеу медициналық ұйымның немесе тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің аумақтық бөлімшесінің жолдамасы бойынша жүргізіледі, - дейді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Өзгелердің жаңалығы