Елордада сауда орталықтары мен базарлардың жұмысқа дайындығы тексерілді

15 Тамыз 2020, 19:25
1101
Бөлісу:
Елордада сауда орталықтары мен базарлардың жұмысқа дайындығы тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы ШОБ субъектілері 90% жұмысын қайта бастауға дайын, ескертулер бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Санаулы күндерден соң карантин шаралары біртіндеп алына бастайды. Кәсіпкерлер клиенттер мен сатып алушыларды қабылдауға дайындалып жатыр. Соған байланысты әкімдік пен СЭС өкілдерінен құралған мониторингтік топ "Әсем"тсауда базарына тексеріс жасады.

Бұл базарда кіре берісте термометрия, белгілер мен антисептиктер бар. Бәрін қадағалап отырамыз. Күн сайын мониторинг жүргізіледі. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес, 1 – бөлімнің 425-бабы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзғаны үшін санкциялар қолданатын боламыз. Мұнда әкімшілік айыппұл қарастырылған, - деді Байқоңыр аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Шоқан Абайұлы.

Қазіргі уақытта елордалық сауда орталықтары мен базарлар 90% өз жұмысын қайта бастауға дайын. Кәсіпкерлік субъектілерге санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар берілді.

Бүгінгі таңда барлық нысандар карантиннен кейінгі кезеңге 90% дайын. Бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, бірақ айтарлықтай маңызды емес. Сонымен, кейбір нысандарда таңбалардың санын жаңартып, көбейту қажет. Бір жерде санитайзерлер санын көбейту, азаматтардың кіруі мен шығуы кезінде температуралық режимді есептеу құралдарын өзгерту қажет. Бір нысандарға келуді есепке алу датчиктерін орнату туралы ұсыныстар берілді. Өйткені жаңа қаулы бойынша объектіге келушілер саны 30% - дан аспауы тиіс. Бұл мониторингті осы датчиктердің болуын ескере отырып қана жүргізуге болады, - деді Нұр-Сұлтан қаласының сауда және қызмет көрсету бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.

Мониторингтік топтың барлық ескертулерін кәсіпкерлер 17 тамызға дейін ескеріп, түзетуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік комиссия карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекітті, ол барлық өңірлерде сауда ойын-сауық орталықтары, бутиктер мен жабық базарлар жұмысын 17 тамыздан бастап қайта жандандыру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы