Елордада шомылу маусымы қашан ашылатыны белгілі болды

18 Мамыр 2021, 15:25
1557
Бөлісу:
Елордада шомылу маусымы қашан ашылатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров әкімдікте өткен брифингте айтты.

Жыл сайын рұқсат етілмеген шомылу орындары санының ұлғаю үрдісі байқалады. Оған рұқсат етілген қалалық жағажайлардың саны мен қашықтығының жеткіліксіздігі, қала акваториясы бойындағы жаңа тұрғын үй алаптары мен көпқабатты үйлердің құрылысы, сондай-ақ халық санының артуы себеп болып отыр, - деді Байыров.

Оның айтуынша, мамыр айынан бастап қала аумағында қала әкімдігімен бірлесіп тыйым салу белгілері мен ақпараттық стендтер, демалыс аймақтары мен қалалық жағажайлардың иелеріне ақпараттық хаттарды тапсыру жүргізілуде.

Есіл өзенінде барлығы 90 тыйым салатын белгі, 30 ақпараттық стендтер, 20 қалқымалы буйкалар орнатылады. Сонымен қатар департамент қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарымен судағы қауіпсіздік ережелері туралы алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Суға шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда ашылады. Арнайы жабдықталған орындарда: жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылармен патрульдейтін орындарда шомылу керек, - деді ол.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті суда болған кезде ескертеді.

Суда болған кезде буйкадан жүзбеңіз, мас күйінде шомылмаңыз. Есіңізде болсын: судағы жазатайым оқиғалардың 80%-ы осы себеп бойынша орын алады, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, су қоймаларының жанында және таныс емес жерлерде шомылмаңыз. Жүзуге арналмаған заттарды пайдалануға болмайды. Бейтаныс жерлерде жалғыз шомылуға болмайды, - деді Байыров.


Өзгелердің жаңалығы