Бас жаңалықтар
Елордада шыбын-шіркей санын азайту үшін ашық аумақтарды өңдеу жалғасуда
PHOTO
15 Мамыр 2021, 20:34 353

Елордада шыбын-шіркей санын азайту үшін ашық аумақтарды өңдеу жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп шыбын-шіркейлермен күресуді жалғастыруда. 

Масалар мен шіркейлердің санын азайту мақсатында бірнеше тур арқылы ашық аумақтар өңделуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Нормаларға сәйкес препараттарға бейімделу мен мутацияға жол бермес үшін шыбын-шіркеймен күресу жұмыстары айына бір рет, маусымда (сәуір-қыркүйек) турлар бойынша жүргізіледі.

Әрбір кезеңнің 15 күні ішінде масалардың көбеюін болдырмас үшін су айдындары препаратармен қамтылып, түтін арқылы қорғаныс тосқауылы жүргізіледі. Ал басқа жаққа қоныстануын болдырмас үшін дезинсекциялық машиналардан дәрі себіледі.


Сондай-ақ қаланың ашық аумақтары өңделеді: саябақтар, скверлер, тұрғын үй массивтері және орамішілік аумақтар.

Бүгінгі күні қала аумағының 90%-дан астамы бастапқы өңдеуден өтті. Жауын-шашыннан кейін ауа райына байланысты өңдеуді тоқтатуға тура келді. Сонымен қатар жауыннан кейінгі кезең маса мен шіркейдің тез көбеюіне қолайлы уақыт екенін ұмытпаңыз, себебі ылғалдылық пайда болады.


Ауа райының жылынған сәттен бастап жұмыс ары қарай жалғасты. Адам көп жиналатын орындарда түтін арқылы қосымша өңдеу жүргізіледі.


Елорда тұрғындары мен қонақтарына түсіністік танытуын сұраймыз. Маса мен шыбын-шіркей экожүйенің бір бөлігі болып саналады, сол себепті оларды толығымен жоюға болмайды. Өңдеу жұмысы олардың санын азайту және жаппай көбеюіне жол бермес үшін жүргізіледі. Бұл жұмысқа барлығы 120 дезинфектор, 8 биолог-энтомолог, 24 термогенератор, 120 мотор-ранцты бүріккіш, 4 дезинфекциялық машина, 2 дезинфекциялық қондырғысы бар мотошасси жұмылдырылды. Ауа райы байланысты жұмыс кестесі өзгеріп тұрады, - делінген тиісті басқарманың хабарламасында.


Фото: дереккөз
Загрузка...