Бас жаңалықтар
Елордада тұрмыстық-отбасылық жанжалдар саны азайды
03 Маусым 2020, 16:13 133

Елордада тұрмыстық-отбасылық жанжалдар саны азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада карантин жарияланған сәттен бастап 15 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, 600-ге жуығы құқықтық және психологиялық кеңес алды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қалалық полиция департаментінде тұрмыстық-отбасылық кекілжің саны азайғанын атап өтті. Жүргізілген зерттеуге сәйкес, 19 ақпан мен 18 наурыз аралығында, яғни, карантин енгізілгенге дейін жедел басқару орталығына жұмыс күндері 20-30 қоңырау түссе, демалыс күндері 30-40, ал мереке күндері тұрмыстық жанжалдарға байланысты 40-50 қоңырау келіп түсті. Сонымен қатар төтенше жағдай кезінде – 19 наурыздан 11 мамырға дейін Нұр-Сұлтандағы 102 номеріне күн сайын отбасылық мәселелер бойынша 50 қоңырау шалынды.
Қазіргі таңда 11 мамырдан бүгінге күнге дейінгі жағдай тұрақтанды. Күн сайын орта есеппен 30-ға жуық қоңырау түседі. Қазіргі уақытта 102-ге бірнеше рет қоңырау шалынған мекен-жайлар бойынша профилактикалық тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады елордалық полиция департаменті өкілдері.

Сонымен қатар қалада карантин жарияланған сәттен бастап 15 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, 600-ге жуық әйел құқықтық және психологиялық кеңес алды. 300-ге жуық іс әкімшілік сотта қаралды. Полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, олар туындаған жағдайда тиімді шешімдерді анықтау үшін Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарға заң нормаларын, адамның құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Жәбірленушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әр адамға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтары жан-жақты көмек көрсететінін білуі тиіс, – деп атап өтті полиция департаменті өкілдері.

Қала аумағында жарияланған карантин режимі кезінде (Сovid-19 пандемиясына байланысты) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері едәуір жиілеп кетті. Оның ішінде тұрмыстық-отбасылық сипаттағы құқық бұзушылық саны артты.




Фото: дереккөз
Загрузка...