Елордада тағы екі көшеде «Bus Lane» жолағы іске қосылады

16 Маусым 2021, 15:15
1907
Бөлісу:
Елордада тағы екі көшеде «Bus Lane» жолағы іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 20 маусымнан бастап Ұлы дала даңғылы бойында Мәңгілік Ел даңғылы – 38 көшесі бөлігіндегі екі бағытта «Bus Lane» жолағы іске қосылады. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Күн сайын онда 5 бағдар жүреді: № 15, 15а, 35, 54, 60. Бұл – 53 бірлік автобус.

Сонымен қатар 26 маусымнан бастап Абылай хан даңғылындағы Пушкин көшесі мен Мұстафин көшесінің бөлігінің екі жағындағы арнайы жолақ өз жұмысын бастайды. Ол жермен 29 бағдар жүреді (22 қалалық және 7 қала маңы): № 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 14, 15, 15A, 18, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 40, 48, 60, 72, 73, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322. Барлығы – 259 автобус.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің полиция департаментімен бірлесіп Тұран даңғылы бойынша Қонаев көшесі мен Сарайшық көшесінің оң жағалау бағытындағы бөлінген жолақты енгізу жоспарланып отыр. Онда 9 бағдар жүреді: № 12, 32, 35, 46, 50, 53, 300, 305, 312. Барлығы – 101 бірлік автобус.

Естеріңізге сала кетейік, 29 мамырдан бастап Тұран даңғылында Керей-Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін бөлінген «Bus Lane» жолағы іске қосылды. Аталған учаскеде 5 бағдардың қозғалысы үшін артықшылық жасалды. Ол: №40, 50, 51, 53, 61.

Көлік жүргізушілері осы өзгерістерді назарда ұстап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында «Bus Lane» жобасы ұзындығы 57,2 км болатын 22 жол учаскесінде жүзеге асырылған.

Өзгелердің жаңалығы