Елордада өткен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аяқталды

6 Қыркүйек 2019, 19:33
2161
Бөлісу:
Елордада өткен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы аяқталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада үш күнге жалғасқан Азия елдері қаламгерлерінің І форумының салтанатты жабылуы болды.

Форум қатысушылардың арналған ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтауын министрдің орынбасары Нұрғиса Дәуешов оқып берді.

«Адамзат өркениеті бүгінде рухани сабақтастықты, ортақ құндылықтарды сіңіру мен насихаттауға зәру. Осындай жаһандық мәселені негізге алып, Азия қаламгерлерінің І форумы «Ортақ тамыр, ортақ дүниетаным, ортақ өркениет» деген атаумен өткізілді. Бұл бір жағынан ғаламдық тақырып болса, екінші жағынан Қазақстанның бірлік пен бейбітшілікке бағытталған геосаяси ұстанымын көрсетеді. Азия қаламгерлерімен тәжірибе алмаса отырып, ортақ рухани құндылықтарды паш ететін ашық платформа қалыптастыру сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздеген Тұңғыш форумымыз өз межесіне жетіп отыр. Форумның аясында айтылған сындарлы пікір, толымды ойлар ортақ тамырдан нәр алып, ортақ дүниетанымға терең бойлап, ортақ өркениетті паш ететін құнды шығармалар туғызуға септігін тигізеді деген ойдамын», - делінген министрдің құттықтауында.

Шара соңында форумға қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтіп, форум меймандарына арналған гала-концертті тамашалады. Сонымен қатар, естелік сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.

Өзгелердің жаңалығы