Елордада жаңа талаптарға сай емхана ашылады

17 Қаңтар 2021, 17:01
1299
Бөлісу:
Елордада жаңа талаптарға сай емхана ашылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елордада емхана ашылады. Емхана әдеттегі функционалдық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талабына сәйкес келеді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында қала әкімі Алтай Көлгінов жазды.

Елордада жаңа талаптарға сай емхана ашылады

Оның айтуынша, жаңа емханада аймақтар «лас» және «таза» деп бөлінген. Ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және т. б. орнатылған.

Жаңғыртылған емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір - №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты №9 емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келді.

Елордада жаңа талаптарға сай емхана ашылады

Емхана толығымен жеке инвестициялар есебінен салынды. Қала тұрғындары үшін мемлекеттік тапсырысты орындаймыз, - деп жазды ол.

Сонымен бірге дамып келе жатқан ауданда орналасқан жекеменшік балабақшаға бардым. Бұл балабақша да жеке инвестиция тарту есебінен салынды. Жеке инвестиция тарту - нысандарды салу және толтыру кезінде қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Елордада жаңа талаптарға сай емхана ашылады

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысанның құрылысына тартамыз. Бұл әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға - әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз, - деді қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы