Елордада жастар мен спортшылар екпе салдыртты

8 Мамыр 2021, 22:33
1084
Бөлісу:
Елордада жастар мен спортшылар екпе салдыртты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жастар мен спортшылар COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әрбір Қазақстан азаматы өзіміз үшін ғана емес жақындарымыз үшін де вакцина қабылдауымыз міндет. Өзгелердің де денсаулығына алаңдауымыз керек. Сол себепті жастардың көшбасшысы ретінде вакцинаны қабылдадым, — деді «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Ал кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі өз сөзінде вакцинаны бәріне кеңес ететінін атап өтті.

Менің жетекшілігіммен біраз адам спортпен айналысып жүр. Өз елімнің патриоты ретінде вакцинаны алғашқылардың бірі қабылдауым міндет. Вакцинаны жылдам қабылдадым. Қандай да бір ауыру байқалған жоқ. Бәріне вакцинациядан өтуді кеңес етемін, — деді кәсіби жекпе-жек клубының жетекшісі Василий Тахтай.
Айта кетейік, жақында елордада Асхат Маемирова, Асылхан Төлепов бастаған елге белгілі бір топ өнер жұлдызы вакцина қабылдаған болатын.
Өзгелердің жаңалығы