Елордада жол апатынан көлік аударылды

16 Мамыр 2021, 08:46
1320
Бөлісу:
Елордада жол апатынан көлік аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында жол апатында көлік аударылды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Апат 15 мамырда таңғы сағат 06.41-де болған. Subaru Forester автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойымен Қажымұқан көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын белгісіне жүріп кетіп, Lada маркалы автокөлігіне соқтығысқан. Subaru Forester аударылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін жіберілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы