Бас жаңалықтар
Елордада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел аман-есен босанды
07 Мамыр 2021, 00:14 264

Елордада жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 57 жүкті әйел аман-есен босанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакцинациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты коронаирустан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды, – деді Бақтияр Мәкен.
Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинацияға жазатын call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадр мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...