Бас жаңалықтар
Елордадағы газ баллон жарылысы: Сотқа дейінгі тергеу басталды
22 Қараша 2020, 12:33 105

Елордадағы газ баллон жарылысы: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы дәмханада орын алған газ баллоны жарылысына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрт-техикалық және сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу амалдары полиция департаменті басшылығының бақылауында тұр, - деді ведомствоның баспасөз қызметінен. 

Айта кетейік, кеше елордада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта елорда ауруханаларында 23 адам ем алып жатыр.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...