Елордадағы театр қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

16 Маусым 2021, 12:40
2767
Бөлісу:
Елордадағы театр қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцина салдырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры ұжым болып коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

15 маусым күні түске дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының артистері және әкімшілік бөлімінен барлығы 32 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Елордадағы театр қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцина салдырды


Олар өзара таңдау жасап ресейлік «Спутник V» вакцинасын және қытай технологиясы бойынша өндірілген араб елінің «Hayat-Vax» вакцинасымен, сонымен қатар қазақстандық өнім «QazVac» вакцинасымен де егілді.

Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров осыдан бірнеше ай бұрын «Sputnik V» вакцинасын қабылдаған еді. Театр директорымен бірге режиссер Мекан Джумабаев, театр актері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов, театр актері Ермахан Аймахан «Sputnik V» вакцинасының бірінші кезеңін алған еді. Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана пандемияны жеңеміз, - делінген театрдың баспасөз хабарламасында.

Елордадағы театр қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтқан болатын. Еске салса кетейік, тұрғындар вакцинаны кез келген пункттен ала алады. Қала бойынша 211 екпе пункті бар. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы 8-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды.

Елордадағы театр қызметкерлері КВИ-ге қарсы вакцина салдырды

Өзгелердің жаңалығы