Бас жаңалықтар
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан қалай өткенін айтты
12 Сәуiр 2021, 12:23 265

Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан қалай өткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандық 16 жастағы оқушы Ерасыл Тәуекел NASA-да тағылымдамадан өткен алғашқы қазақстандық.

Вечерняя Астананың хабарлауынша, жас ғалым «Назарбаев Зиятркерлік мектебінің» 10-сыныбында оқиды. Ғылыми-зерттеу жобаларын жасайды, зымыран құраумен айналысады.

Ерасыл Тәуекел бала кезінен ғарыш саласын зерттеуге құмартқан екен. Оның әкесі мамандығы бойынша инженер болғандықтан, бұл Ерасылдың зымыран құрау үйірмелеріне қызығуына септігін тигізген.

Жоғары сыныптарда Ерасыл ғылыми-техникалық әдебиетті тереңдетіп зерттей бастаған. Ғарыштық технологиялар мен ұшу туралы туындыларды көп оған. 

Ол ғылыми-зерттеушілік ісін 8-сыныпта бастады. Бұл кезде ол өзінің алғашқы зымыранын ұшырған еді. Осынау маңызды жобасының арқасында ол ғарыш тақырыбына арналған «Наурызовские встречи-2019» ғылыми жобалар ұлттық конкурсында бірінші орынды еншіледі.

Талантты жасөспірім модельді зымырандарға арналған толық автоматтандырылған ұшыру қондырмасын жасап шығарды.

«Байқоңырға» барған кезінде оған бортында экипажы бар «Союз МС-12» қалай әуеге ұшқаны және Роскосмос пен Еуропалық ғарыш агенттігі делегацияларының алдында жобаны қалай қорғағаны есінде ерекше қалған екен. Жас ғалым сол кезде белгілі қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтің алдында жобасын сәтті қорғап шыққан еді. 

9-сыныпта Ерасыл Мәскеуде МГУ және РАН жанындағы «Ученые будущего-2019», Intel BalticSEF-2020 тәрізді үлкен халықаралық конкурстардың жеңімпазы болды.

Мәскеудегі және Санкт-Петербургтегі конкурстар кезінде АҚШ-тың оқушыларға арналған Regeneron ISEF бүкіләлемдік ғылыми конкурстың ұлттық командасына іріктеуден өтті.

Конкурс кезінде Ерасыл Илон Масктің Falcon деп аталатын зымырандарына ұқсас, бортында электроникамен және ұшу кезінде басқаруды қамтамасыз ететін барлық жүйесі бар ұшатын зымыранның прототипін таныстырды. Кейіннен Ерасыл Қазақстанның NASA United Space School мектебіндегі өкілі болды. Онда жасөсіпірім әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен танысты.

Мен NASA-да тағылымдамадан өтуге өтінім бердім. Себебі осындай бірегей мүмкіндіктің арқасында әлемнің әр жерінен келген оқушылар заманауи ғарыш саласымен жақын танысады. Сондықтан күнде кездесе бермейтін бұндай мүмкіндікті жіберіп алмайын деп тәуекелге бардым. Ол үшін физика және математикадан бірнеше тапсырма орындау керек болды. Тапсырмалар әртүрлі тақырыпты қамтыды: ғарыштың барлық саласынан бастап ғаламшар геологиясына дейін. Бұдан бөлек ынталандыратын хат жазып, сұхбаттасу кезеңінен өту қажет болды. Осының бәріне шамамен бір-екі ай уақыт кетті, - деді Ерасыл.

Оның екі апталық тағылымдамасы онлайн өтіпті.

Негізгі мақсатымыз – шикізат алу үшін астероидқа миссия жасау болды. Қатысушыларды екі топқа бөлді. Менің тобымда Үндістан, Аустралия және Жаңа Зеландияның оқушылары болды, - деп атап өтті оқушы.

Оның айтуынша, өтінім беру процесі америкалық университетке түсетіндей өтінім берумен 80% ұқсас келеді. Дегенмен оның өзіндік ерекшеліктері де болған. Барлық үміткердің академиялық білімі, ғарыш саласындағы жетістіктері жіті тексерілген. Бұл ретте ағылшын тілін жетік білген дұрыс дейді оқушы.


Фото: дереккөз
Загрузка...