Елорданың бас санитары: Митингке шыққандар індет жұқтыруы мүмкін

5 Маусым 2020, 22:12
1520
Бөлісу:
Елорданың бас санитары: Митингке шыққандар індет жұқтыруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Covid-19 таралу қаупі әлі де бар. Карантин кезінде көпшілік шараларды, митингілер мен жиындарды өткізуге тыйым салынады. Бұл біз қауіптенген жаппай жұқтыруға әкелуі мүмкін. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді.

Пандемия, карантин кезінде митингілер мен жиындарды өткізу өте қауіпті. Жұқтыру қаупі ондаған есе артуы мүмкін. Себебі қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарында еркін жүріп, инфекцияны бүкіл қала бойынша таратады. Бұған жол беруге болмайды, себебі індет қайта өршіп, қала қатаң карантинге қайтып келуі мүмкін. Яғни, жұмысына кіріскен кәсіпорындар қайта жабылуы ықтимал. Көптеген нысандар қайтадан жабылады, адамдарға үйден шығуға болмайды. Қала бойынша блокпосттар қойылып, полицейлер мен әскерилер бақылайтын болады, қоғамдық көліктер тоқтайды. Аталған қиын кезеңді бірге өткеріп, көп жұмыстар жасалды. Сондықтан бұндай жағдай қайталанбас үшін, барлық тұрғындарды қатаң санитарлық ережелерді, заңды сақтауға шақырамыз. Заңды бұзған тұрғындар жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – деді Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Елордада Covid-19 індетін жұқтырудың 2379 жағдайы тіркелді (1291 науқас сауығып шықты). Коронавирус жасқа қарамайды, ауырғандардың арасында созылмалы аурулары жоқ жастар бар екенін де атап өткен жөн. Тіпті кей науқастарда аурудың белгілері байқалмайтын жағдайлар да кездеседі. Инфекция тек өкпені ғана емес, бүйрек, бауыр, жүрек, миды да зақымдауы мүмкін.

Сонымен қатар өкпеде фиброз түрінде ошақтар пайда болады. Сондықтан бұл індеттің алдын алу үшін барлық қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы