Елорданың медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттер" таратылды

15 Шілде 2020, 20:07
1246
Бөлісу:
Елорданың медицина қызметкерлеріне "Алғыс пакеттер" таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада коронавирусқа қарсы күреске 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында жасотандықтар "Алғыс пакеттерін" тарату акциясын ұйымдастырды. Әрбір пакетке дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы өнімдердің оннан астам түрі салынған.

Айта кетерлігі, өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынған. Акция еліміздің барлық өңірінде жалғасын табуда.
Бүгін біз, жасотандықтар, біздің ержүрек дәрігерлеріміз үшін акция ұйымдастырдық. Өйткені, олар бүкіл қоғамды әбігерге салған коронавирус пандемиясымен күнделікті күресуде. Біз бұл індетті бірлесіп жеңеміз деп сенемін, – дейді ерікті Айдарбек Бақдаулет.
Бүгін қалалық фтизопульмонология орталығының, № 3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының және "Рамада Плазада" орналасқан дәрігерлерге алғыс пакеттері табысталды. Jas Otan ЖҚ 100-ден астам еріктісі бірнеше апта бойы өз отбасыларынан оқшаулауға мәжбүр болған орта буын медицина қызметкерлері үшін "Алғыс пакеттерін" таратуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы күреске 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы