Елорданың эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз

29 Сәуір 2021, 11:47
1419
Бөлісу:
Елорданың эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақыбыры аясында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Қала бір жарым ай бойы «қызыл» аймақта тұр. Күніне 300-ден 600-ге дейін жағдай тіркеледі. 2021 жылдың басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 60 мыңнан асты. Соңғы 6 күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін аздаптөмендегені байқалды. Қазігі уақытта қалада белсенді ошақтар саны – 2553. Медициналық бақылауда 5572 байланыста болған адам бар, - деді ол.

Спикердің айтуынша, вирус жұқтырғандар көбіне егде жастағылар мен жасөспірімдер арасында анықталуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, вирус жұқтырушылар көбінесе егде жастағылар арасында тіркелуде (79,7%). Балалар арасындағы көрсеткіш – 17,4%, жасөспірімдер арасындағы көрсеткіш – 2,9%. Ересектер арасындағы вирус жұқтыру көрсеткіші 30-39 жастағылар арасында байқалуда, - деді ол.

Дәрігер вирус жұқтырудағы негізгі себеп – азаматтардың қарапайым санитарлық ережелерді сақтамауы болып отырғанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы