Елжан Біртанов ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті

12 Желтоқсан 2019, 16:52
5535
Бөлісу:
Елжан Біртанов ЕҚДБ президенті Сума Чакрабартимен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту бойынша өзара ынтымақтастық турал Меморандумға қол қойды. 

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Лондонға іссапары аясында Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Сума Чакрабартимен кездесті. Жүздесуге  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та қатысты.

Кездесу барысында ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ  Қазақстандағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

2020-2024 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін  ескірген нысандардың орнына жалпы сыйымдылығы 10 мың адамға арналған ауруханалар салу жоспарланып отыр. Осылайша, еліміз бойынша көпбейінді ауруханалардың 50 пайызы жаңартылады, нәтижесінде медициналық қызмет қолжетімді болады.

Бағдарламаның талаптарына сәйкес, аурухана инфрақұрылымына инвестиция тартып, басқарудың жаңа тиімді тәсілдерін енгізу керек. Ал ынтымақтастық еліміздегі аурухана инфрақұрылымын тұрақты қаржыландыруға және бұл салаға  жеке секторды тартуға  ықпал етеді

Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) өкілдерімен, атап айтқанда, ЕҚДБ Басқарушы директоры Нандита Паршад пен ЕҚДБ Ресей және Орталық Азия бойынша инфрақұрылым жөніндегі директоры Екатерина Мирошникпен кездесулер өткізеді. Тараптар "Концессиялар туралы" заңы аясында денсаулық сақтау саласын бірлесіп инвестициялау тетіктерін талқылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобалары шеңберінде жеке инвесторлық  қарыздардың  пайызын төмендету мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Британдық "UK Export Finance" үкіметтік ұйымының және "Gap Insaat" құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Тараптар денсаулық сақтау саласындағы  МЖӘ жобаларын қарады. Болашақта екі ел  мемлекеттік-жеке мешік әріптестік бойынша ынтымақтастық орнатуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы