Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын үйде отырып алуға болады

3 Сәуір 2020, 15:58
2049
Бөлісу:
Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын үйде отырып алуға болады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Үйде карантиндегі адамдар үшін еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы медициналық ұйымдарға бармай-ақ ресімделеді.  

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу, әлеуметтік қорғау шараларын анықтау сынды қызметті "Электрондық үкімет" веб-порталындағы өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдау жолымен алуға болады. Бұл медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай-ақ жүзеге асырылады. Яғни, коронавирустың тікелей байланысын болдырмау және таралуына жол бермеу мақсатында жасалған.

Тәулік бойғы стационарларда карантиннің әрекет ету уақытында жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету және ауруханаларға жоспарлы емдеуге жатқызу шектелетін болады. Бұл ретте, шұғыл бөлімшелер бұрынғыдай тәулік бойы жұмыс істейді, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол барлық медициналық ұйымда көрсетілетін көмектің ерекшелігін ескере отырып, COVID-19 белгілері бар науқастар анықталған жағдайда, оқшаулау үшін арнайы орындар бөлінгенін жеткізді. 

СОVID-19 ауруына күдікті пациенттермен кездесіп қалмауын қоспағанда, күнделікті пациенттердің легін бөлу қарастырылды. 1 қаңтардан бастап 1 шілде аралығында Қазақстанның барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып есептелетіндігі баршаға мәлім. Жеңілдікті кезең өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, тіркелмеген жұмыссыздар және қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарна төлемеген жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болу үшін беріледі, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы